ANTIKOR
1 мин оқу 480

Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдегі бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әкімдік пен «Тобыл ӘКК» АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан 420 тг/кг жеңілдік құны бойынша кезектен тыс және нормадан тыс таңдап алған кәсіпкерлерге берген.

Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 кг-ға дейін қантты үлестірген.

Бұдан әрі, таңдалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатқан.

Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 кг қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ өңірлерде әлеуметтік маңызы бар проблемалар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бөлісу:
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді · Egemen Qazaqstan