Футбол
1 мин оқу 263

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының алтыншы туры басталады

<p style="text-align: justify;">Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы туры басталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алтыншы тур ойындары 13 және 14 тамыз күндеріне белгіленген.

Бүгін А тобында 21:00-де «Қайрат» (Алматы) және «Атырау» командалары кездессе, «Ақсу» (Павлодар облысы) және «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, В тобында 19:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақжайық» (Орал), С тобында «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тараз» командалары жасыл алаңға шығады.

Ал 14 тамызда 18:00-де D тобында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), 21:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), В тобында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойындары басталады.

Бөлісу:
Бүгін футболдан Қазақстан кубогының алтыншы туры басталады · Egemen Qazaqstan