Аймақтар
1 мин оқу 204
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында коронавирусқа қарсы қолданылатын «Pfizer» вакцинасы таусылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мамандардың айтуынша, аталған екпені шілденің соңғы күндерінен бері табу қиындады. Ал қауіпті дертке қарсы егу жұмысы басталғалы облыста 12 мен 17 жас аралығындағы 16 мың бала, 1200-ден астам жүкті әйел мен өзге де санаттағы адамдар «Pfizer» салдырған.
Сондай-ақ аймақта өзге де вакцина түрлері азайған. Отандық өнім «Казвак»-та таусылуға жақын. Сондықтан өңір екпенің жаңа партиясын күтіп отыр.
Бөлісу:
