Білім
1 мин оқу 420

Қазақстанда мектептегі оқу жылы 2 аптаға ұзарды

<p style="text-align: justify;">Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі орта мектептерде оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешімін бекітті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін - 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайтындығы жарияланды», делінген ведомство ақпаратында.

Сонымен оқу жылы ішіндегі демалыс мынадай болады:

  • күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);
  • қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);
  • көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).

1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы). Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығы тіркелу үшін Әділет министрлігіне жолданды.

Бөлісу:
Қазақстанда мектептегі оқу жылы 2 аптаға ұзарды · Egemen Qazaqstan