Қоғам
1 мин оқу 236

ШҚО-да жоғалған бала көпір маңындағы шұңқырдан табылды

<p style="text-align: justify;">Өскеменде із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Іздестіру шаралары барысында 12 жастағы бала ТМК көпірінің маңындағы шұңқырдан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Содан кейін ол ата-анасымен жүздеседі», деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, аутизмге шалдыққан Темірлан Ахмеджанов 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып, қайта оралмады. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған еді.

Бөлісу:
ШҚО-да жоғалған бала көпір маңындағы шұңқырдан табылды · Egemen Qazaqstan