Ауа райы
1 мин оқу 150

Бес өңірде дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">18 тамызда еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с, Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Облыстың орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Бес өңірде дауылды ескерту жарияланды · Egemen Qazaqstan