Президент
1 мин оқу 204

Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудиттің жоғары органының биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы барысы жөнінде баяндалды. 

Президентке ұсынылған ақпаратқа сәйкес есептік кезеңде 1,3 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамтитын 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру бойынша әзірленген тәсілдер жөнінде ақпарат берді. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады · Egemen Qazaqstan