Елорда
1 мин оқу 260

Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке ашылды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында &laquo;KIDS EXPO. Балалар әлемі&raquo; көрме-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен QazExpoCongress ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

«Елордалық балалар тауарларына арналған «Kids EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі – қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа оқу жылына қажеттінің бәрін сатып ала алатын алаң. Мұнда бес күн бойы кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру, ойын-сауық индустриясының 100-ге жуық қатысушысы өз тауарларын ұсынады», дейді ұйымдастырушылар.

Жәрмеңке барысында келушілер үшін арнайы ақпараттық, мәдени және спорттық бағдарлама ұйымдастырылып, оған қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады. Сондай-ақ EXPO алаңында білім беру мекемелерінің педагог-психологтары үшін панельдік сессиялар, кітаптардың тұсаукесерлері, оқыту әдістері, мектептер, сондай-ақ тренингтер мен мастер-кластар, конкурстар, балалар мен мектеп киімдерінің көрсетілімдері өткізіледі.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкені жыл сайын өткізуді жоспарлап отырғанын айтып өтті.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке ашылды · Egemen Qazaqstan