Таным
2 мин оқу 600

Музейге тарту еткен жәдігерлер

<p style="text-align: justify;">Егемен қазақ елінің мәдени өмірінде өткен тарихымызды, мәдениетімізді көрсететін музейлердің рөлі ерекше. Халық арасында сақталған құнды мұрамыз, қолөнер бұйымдары, кітаптар, қолжазбалар қай заманда да өз маңызын жоғалтқан емес.</p>

Музейге тарту еткен жәдігерлер

Негізі қаланғанына 50 жыл­дан асқан Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шә­уіл­дір ауылындағы Отырар мем­лекеттік археологиялық музей-қорығына осы уақытқа дейін жәдігерлер археологиялық, этно­графиялық ғылыми-зерттеу экспедициялары, археологиялық қазба жұмыстары барысында, ғалымдардың, өнер адам­дарының, қолөнер шеберлерінің, жәдігер жанашырларының музейге сыйға тартуымен жиналған.  Осы үрдіс қазір де жалғасын тау­ып келеді. Мәдениет және спорт министрлігіне қарас­ты Отырар мемлекеттік архео­логия­лық музей-қорығының ұй­ымдастыруымен  «Музейге сый» акциясы өтіп тұрады, оның мақсаты ел арасынан көне мұ­раларды жинастыру, тарихи-мәдени құндылықтарымызды сақтау мәселесіне көңіл бөлу,  кәсіби тұрғыда заттық және рухани мұрамызды сақтау. Алғаш­қыда музейде 2000 жәдігер болса, қазіргі таңда 25000-нан асты.

«Музейге сый» акциясында мәдениет жанашырлары археологиялық, этнографиялық бірнеше заттарды музейге табыстап келеді. 2022 жылдың тамыз айында музей қорын толықтыру мақсатында Түркістан облысы, Отырар өңірінде «Қол­өнер-халық қазынасы» тақы­ры­бында этнографиялық ғы­лы­ми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылған еді. Экспе­диция барысында табылған заттардың  ішінде кілемге ерекше тоқталуды жөн көрдім. Бұған дейін де кілем туралы бірнеше мақалалар жарияланған еді. Тарихы терең жәдігерді қолөнер шебері Құттығыз Сера­лиева ападан алып Отырар мем­лекеттік археологиялық му­зей-қорығының аға ғылыми қыз­меткері Қалипа Кемелова музей қорына өткізді. 80 жасқа келген Құттығыз апа ғұмырының 65 жылға тарта уақытын қолөнер бұйымдарын жасауға арнаған қолөнер шебері. Атадан балаға мирас болып келе жатқан кілемді  ұрпақтан-ұрпаққа әулеттің қас­терлі заты ретінде сақтап келген. Кілем жарты ғасырға жуық­таса да әрі кетпеген, өте бе­рік болып тоқылған. Кілем тоқу өнері ерте заманда пайда бол­ғандығы археологиялық қаз­ба жұмыстарынан  белгілі.  Кілем бетіндегі сан қилы сәндік өрнек­терге назар салған адам сол ха­лықтың тұнып тұрған ше­жіресін көретіні анық.

р

р

Ақлима ЖҰМАШОВА,

Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының бөлім меңгерушісі

Бөлісу:
Музейге тарту еткен жәдігерлер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар