Оқиға
1 мин оқу 210

Атырауда екі жасөспірімді көлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Атырауда екі жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші көлігін тастап, қашып кетті. Қазір оны іздестіру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <div class="advdiv" style="text-align: justify;">&nbsp;</div>

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша жол-көлік оқиғасы 17 тамызда түнгі уақытта болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 22:40 шамасында маркасы «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі Атырау қаласында екі жасөспірімді қағып кеткені белгілі болды. Ол Сатпаев көшесінде орналасқан «Атырау» ойын-сауық орталығы тұсында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2004 және 2005 жылғы жасөспірімдерді көлігімен қағып кеткен», делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші көлігін оқиға орнында тастап, қашып кеткен. Қазір «ВАЗ-2114» автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Ал оның жүргізушісін іздестіру жұмысы жүріп жатыр.

Бөлісу:
Атырауда екі жасөспірімді көлік қағып кетті · Egemen Qazaqstan