Теннис
1 мин оқу 296

Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымда жарыстың 3-ракеткалары, жапониялық Ена Шибахара - қытайлық Чжан Шуаймен кездесті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Анна мен Беатрис 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыластары 2 эйспен ғана көзге түсті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп жартылай финалға шығу үшін доданың 7-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласады.

Бөлісу:
Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты · Egemen Qazaqstan