Щучинсктегі ойын алаңында 9 жастағы бала жарақат алды
<p style="text-align: justify;">Щучинск қаласындағы футбол алаңында кәмелетке толмаған баланың басынан жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Естеріңізге сала кетейік, оқиға биыл 17 тамызда Щучинск қаласында орналасқан футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жастағы бала қоршаудан шығып тұрған темірдің кесірінен жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған фактіге қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 278-бабы 1-бөлігі (Сапасыз құрылыс) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тергеу аясында аталған балалар алаңының құрылысшысы анықталды, сондай-ақ нысан «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ балансында тұрғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамасы тағайындалды, тергеу жалғасуда.
