Әлем
1 мин оқу 330

Қытайдағы су тасқынынан 26 адам қайтыс болды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Су тасқыны 18 тамызда Синин қаласы - әкімшілік орталығына бағынатын Датун уезінде болды. Биліктің айтуы бойынша, апат аймағында 6,2 мыңнан астам тұрғын болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Провинция әкімшілігі төтенше жағдайдың жоғары деңгейін жариялап, оқиға аймағына 2 мыңнан астам құтқарушылар, дәрігерлер мен полиция қызметкерлерін, сондай-ақ 160 көлік құралын жіберді.

Анықталғандай, 26 адам көз жұмып, 5-еуі хабар-ошарсыз кеткен.

Тамыз айының басынан бері аймақта жауын-шашын мөлшері соңғы 50 жылдағы орташа деңгейден асып түсті.

Бөлісу:
Қытайдағы су тасқынынан 26 адам қайтыс болды · Egemen Qazaqstan