Спорт
2 мин оқу 302

Қазақ қызының қола медалі

<p style="text-align: justify;">Джиу-джитсудан Германияның Гамбург қаласында өткен халық&shy;аралық турнирде қазақтың қаршығадай қызы Дана Төлеужан қола медаль иеленіп, өз жанкүйерлерін тағы бір қуантты.</p>

Қазақ қызының қола медалі

Дана 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Бала кезінен саламатты өмір салтын ұстанып, су астында жү­зу спортымен шұғылданды. Бұл ретте ол несібесіз болған жоқ. Бір­қатар республикалық және ха­лықаралық турнирде же­ңіс тұғырына көте­ріліп, спорт шеберінің күміс белгісін кеу­десіне тақты. Кейіннен джиу-джит­суға ден қойды. Уақыт оза спорт­тың бұл түрінде де жақ­­сы нәтижелер көрсете бас­та­ды. Елішілік жарыстарда алдына жан салмай, 2019 жылы Бірік­кен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында жалауы жел­біреген жастар ара­сындағы әлем біріншілігінде күш сынасу құрметіне ие болды. Аталған бә­секеде Төлеужан күміс медальді мойнына ілді.

Дана Төлеужан – тек мықты спортшы ғана емес, сонымен қатар оқу озаты. Алматыдағы КИМЭП-ті ойдағыдай тәмамдағаннан кейін Италияның астанасы – Римде орналасқан Жер-жаһандағы ең көне университеттердің бірі – Ла Сапиенцада каржыгер мамандығы бойынша магистратураның соңғы курсында оқып жүр, спорттан да қол үзген жоқ. Бірқатар ха­лық­аралық турнирде маңдайы жар­қыраған Дана биыл да біраз олжаға ке­нелді. Атап айтсақ, маусым айын­да Испанияның бас шаһары – Мадридте ұйым­дастырылған дү­бірлі додада алтыннан алқа тақты.

Неміс жерінде өткен жарыста 30 мемлекеттен келген 400-ден аса спортшы бақ сынады. Олар­дың арасында 18-дегі жа­­лынды жастар да, 50-дегі ар­­да­герлер де болды. Қазақ­стан­нан жалғыз Дана ғана өнер көрсетті. 55 кило салмақта күш сы­насқан қандасымыз бас­тап­қы бәсекелердің барлығында қар­сыластарын қапы қалдырып, жартылай финалда ғана ұпай санымен ұтылды. Нәтижесінде, Дана Төлеужан қола медаль ие­ленді.

Бөлісу:
Қазақ қызының қола медалі · Egemen Qazaqstan