Аймақтар
1 мин оқу 230

БҚО-да пара алған лауазымды қызметкерге айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Орал қалалық сотында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті БҚО бойынша департаментінің қызметкерлеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен мәлім еткендей, аталған департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама басшысы Бақытжамал Бекқожина ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағына (пара алу) сәйкес айыпты деп танылды.

Сот үкімімен Б.Бекқожинаға параның 60 еселенген көлемінде 60 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы үкіммен парақорлыққа делдал болу дерегі бойынша дәрігер-невропатолог Римма Телбаева айыпты деп танылып, оған параның 20 еселенген көлемінде 6 млн теңге айыппұл түріндегі жаза кесілді.

Олардың екеуі де мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор нысандарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
БҚО-да пара алған лауазымды қызметкерге айыппұл салынды · Egemen Qazaqstan