Жарнама
 
Әлем
1 мин оқу 270

АҚШ-та маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді

<p style="text-align: justify;">Маймыл шешегі АҚШ-тың барлық штатында тіркелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Биліктің мәліметінше, мамыр айынан бері маймыл шешегінің 14 000-нан астам жағдай тіркелген. Инфекцияның таралуы бойынша Нью-Йорк көш бастап тұр. Онда 3 мыңға жуық науқас бар. Одан кейін Калифорния, Флорида, Техас және Джорджия тұр. Вайоминг вирус анықталған соңғы штат болып тіркелді.

Елдің денсаулық сақтау департаменті тұрғындарды екпе алуға шақырды. Америка Құрама Штаттары вакцинаның 600 мыңнан астам дозасын сатып алды.

Бөлісу:
АҚШ-та маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді · Egemen Qazaqstan