Таным
1 мин оқу 6,141

Кесеқап

<p style="text-align: justify;">Көшпелілер дәуірінде қазақ халқы пайдаланған ыдыс-аяқ&shy;тардың басым бөлігі те&shy;ріден және ағаш&shy;тан жасал&shy;ғаны мәлім. Өйт&shy;кені сол кезде азық-түлік са&shy;луға, ас әзір&shy;леуге сынбайтын, төзімді ыдыс&shy;&shy;тар қажет болған. Сон&shy;дай қажет&shy;ті&shy;ліктен туған жә&shy;дігердің бірі &ndash; кесеқап.</p>

Кесеқап

Облыстық тарихи-өлкетану музейі­нің қорында сақталған бұл кесеқап 1970 жылы табылған. Күміс­тен және теріден жасалған бұйым­ның сан түрі бар. Ал музейге қойылғаны – «үш емшекті кесе­қап» деп аталады. Деректерге сенсек, дәл осы қолөнер туындысы он тоғызыншы ғасырда жасалған деседі мамандар.

«Көшпелілер дәуірінде шыны кеселер қирап қалмауы үшін ха­лық шеберлері кесеқаптар жасап, ыдыстарды солардың ішінде сақтап, тасымалдайтын болған. Кесеқаптардың «сыңар емшек», «қос емшек», «үш емшек» деген түрлері болады. Уақытында қол­өнер шеберлері оны әр түрлі ма­те­риалдан жасаған. Негізінен тері және күмісті жиі қолданған деген деректер бар. Бұл кесеқап біз­дің музейге осыдан елу жылдан астам уақыт бұрын өткі­зіліп­ті», дейді облыстық тарихи-өлке­тану музейі ғылыми-зерттеу жұ­мыстарын қамтамасыз ету бөлі­­мінің меңгерушісі Алдияр Сұ­ран­шы жәдігер тарихы туралы сыр шертіп.

ТАРАЗ

Бөлісу:
Кесеқап · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар