Әлем
1 мин оқу 340

Латвия президентінің сайты орыс тілінде ақпарат таратпайтын болды

<p style="text-align: justify;">Латвия президенті Эгилс Левицтің ресми сайты орыс тілінде жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Delfi порталы президенттің мемлекеттік канцеляриясының медиа орталығына жетекшілік ететін Юстин Дейчманға сілтеме жасап хабарлаған. 

«Президенттің  барлық ақпараты ресми интернет-порталда енді тек латыш және ағылшын тілдерінде беріледі», деді Юстин Дейчман.

Оның айтуынша, халықаралық аудиторияға тек ағылшын тілінде ақпарат беру туралы шешім Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясына байланысты қабылданған.

Бөлісу:
Латвия президентінің сайты орыс тілінде ақпарат таратпайтын болды · Egemen Qazaqstan