Спорт
1 мин оқу 295

Жерлестеріміз үздіктер қатарында

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Әйгілі ESPN арнасы орта салмақта күш сынасып жүрген әлемдегі ең мық&shy;ты кәсіпқой боксшылардың рейтингін жария етті.</p>

Жерлестеріміз үздіктер қатарында

Үздіктер тізімінде Қазақстанның екі саңлағы бар. WBA Super, IBF және IBO нұсқаларының теңдессізі деп танылған 40 жастағы Геннадий Головкин екінші орынды иеленуде. Егер 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекте GGG мексикалық Сауль Альваресті ұтатын болса, онда жерлесіміз аталған рейтингте жеке-дара көш бастайтыны анық. Санаулы күндерден кейін WBO тұжы­рымының толыққанды чемпионы атан­ғалы отырған 29 жастағы Жәнібек Әлім­ханұлы төртінші сатыға жайғасты.

Орта салмақтағылардың көшін WBC-тың чемпионы, америкалық Джермалл Чарло бас­тап тұр. Үшінші орында – АҚШ-тың тағы бір өкілі Деметриус Андраде. Сондай-ақ «ТОП-10» боксшының қатарында жапониялық Риота Мурата, мексикалық Хайме Мунгия, ұлыбританиялық Крис Юбэнк, доминикандық Карлос Адамес, кубалық Эрисланди Лара және бразилиялық Эскива Фалькао бар.

Бөлісу:
Жерлестеріміз үздіктер қатарында · Egemen Qazaqstan