А.Данилина Кливленд WTA 250 турнирінің финалында ұтылып қалды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің финалында есе жіберді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
А.Данилина мен сербиялық Александра Крунич аталмыш жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген еді.
Қазақстандық-сербиялық жұп соңғы бәсекеде доданың екінші ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес - аустралиялық Эллен Переспен шеберлік байқасты.
Америкалық-аустралиялық дуэт 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа ие болды.
Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде А.Данилина мен А.Крунич 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыластары 4 эйс, 5 брейкпен көзге түсті.
