Оқиға
1 мин оқу 195
Павлодарда бірнеше көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Павлодарда бірнеше көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Куәгерлердің айтуынша, метро дүкенінің аумағында «Volkswagen» көлігінің жүргізушісі «Lada Priora» көлігімен соқтығысқан. Содан кейін жанамамен ол тағы екі көлікке соғылып, бірнеше рет аударылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау 29 тамыз күні сағат 22:15-те түскен.
«Жол апатынан 25 жастағы екі жігіт жарақат алды. Оның бірі сол жерде қаза тапты. Екіншісі алған жарақаттарынан бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.
Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
