Спорт
1 мин оқу 212

Жетінші орынға көтерілді

<p style="text-align: justify;">Велошабандоздардың &laquo;Вуэльта&raquo; көп&shy;күндігі қайта жазық далаға ойысты. 11-кезеңдегі сайыс ЭльПозо Алимен&shy;тасьон мен Кабо де Гата өңірлері ара&shy;лы&shy;ғында өтті.</p>

Жетінші орынға көтерілді

191,2 шақырымдық қашықтықты 5 са­ғат 03 минут 14 секундта жүріп өткен аус­­тра­лиялық Кэйден Гровс (Team Bike­Exchange-Jayco) бірінші орынды иеленсе, одан сәл ғана қалып қойған нидерландық Данни ван Поппель (BORA-hansgrohe) екінші сатыға жайғасты. Бельгиялық Тим Мерлир (Alpecin-Deceuninck) мәре сызығын үшінші болып қиып өтті. «Астананың» сапындағы Евгений Федоров 13-орынды қанағат тұтты.

Жалпы есепте Бельгияның беткеұстары Ремко Эвенепул (Quick-Step Alpha Vinyl Team) әлі де шашасына шаң жұқтыратын емес. Оның уақыты – 39:39:04. Сло­вения­ның саңлағы Примож Роглич (Jumbo-Visma) екінші орында. Испаниялық Энрик Мас (Movistar Team) үшінші сатыға табан тіреп тұр. Қазақстандық клубтың үздігі Мигель Анхель Лопес жетінші орынға көтерілді.

Бөлісу:
Жетінші орынға көтерілді · Egemen Qazaqstan