Әлем
1 мин оқу 135
АҚШ елшісі Мәскеуден кетті
<p style="text-align: justify;">Бұрынғы президент Дональд Трамп тұсында тағайындалған АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Салливанның мерзімі аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«АҚШ-тың Ресей Федерациясындағы елшісі Джон Салливанның қызметі аяқталып, бүгін Мәскеуден кетті», деп жазылған елшіліктің сайтында.
Салливан елші болып 2019 жылы желтоқсанда тағайындалған. АҚШ-тың Ресейдегі елшісі болып үш жылға жуық қызмет етті.
Жаңа елші келгенге дейін оның қызметін елшінің орынбасары Элизабет Руд атқарады.
Бөлісу:
