Лопес мәреге үшінші келді
<p class="2018-" style="text-align: justify;">Велошабандоздардың «Вуэльта» көп­күн­дігінің 15 кезеңі Пиреней түбе­гінің оң­түстігіндегі Мартос пен Сьерра-Не­вада деп аталатын таулы аймақ­тар­да өтті.</p>

Кеше ғана екінші орын алып, қазақстандық жанкүйерлерді қуантқан «Астананың» серкесі Мигель Анхель Лопес бұл жолы да жақсы өнер көрсетті. Осы кезеңнің жеңімпазы Тимен Аренсманнан 1 минут 15 секунд қалып қойған ол үшінші сатыға жайғасты. Немістердің Team DSM клубының намысын қорғап жүрген 22 жастағы Нидерландтың жас жұлдызы 149,6 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 17 минут 17 секундта жүріп өтті. Екінші орынды Испанияның Movistar Team ұжымының оғланы, германиялық Энрик Мас иеленді.
Жалпы есептегі жағдай өзгеріссіз. Бельгиялық Ремко Эвенепул (Quick-Step Alpha Vinyl Team), словениялық Примож Роглич (Jumbo-Visma) және Энрик Мас (Movistar Team) үздік үштіктің санатында. Мигель Анхель Лопес әлі де алтыншы орынға табан тіреп тұр.
