Теннис
1 мин оқу 194

Бейбіт Жукаев Президент кубогының 3 дүркін чемпионын ұтты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Бейбіт Жукаев Нонтабуриде (Таиланд) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Bangkok Open 3 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;еліміздің Теннис федерациясы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.</p>

Дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Жукаев алғашқы айналымда әлемнің 331-ракеткасы, Қазақстан Президенті кубогының үш дүркін чемпионы, ресейлік Евгений Донскоймен кездесті.

Қазақстандық теннисші тартысты матчта 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Екі сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Жукаев 7 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 9 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ақтау теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін әлемнің 242-інші, жарыстың 1-ракеткасы, жапониялық Есукэ Ватанукимен сайысқа түседі.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 250-ракеткасы Тимофей Скатов Севилья (Испания) челленджер додасының екінші айналымына шықты. Ол бастапқы кездесуінде әлемнің 208-ракеткасы, италиялық Рауль Бранкачионы 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Скатов дүниежүзілік рейтингте 408-сатыда тұрған испаниялық Хавьер Косано Барранкомен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Бөлісу:
Бейбіт Жукаев Президент кубогының 3 дүркін чемпионын ұтты · Egemen Qazaqstan