Спорт
1 мин оқу 131

Эвенепул есе жіберетін емес

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.2pt;">Бір күндік демалыстан соң &laquo;Вуэльта&raquo; көпкүндігі қайта жалғасты. 16-кезең&shy;дегі сайыс Санлукар-де-Барра&shy;меда мен Томарес арасындағы жазық далада өтті. </span></p>

Эвенепул есе жіберетін емес

189,4 шақырымдық бәсекеде Мадс Педер­сенге тең келер ешкім табылмады. АҚШ-тың Trek-Segafredo клубы сапындағы дания­лық велошабандоз сол қашықтықты 4 сағат 45 минут 29 секундта жүріп өтті. Одан кейінгі орындарды БАӘ-нің UAE Team Emirates командасының намысын қорғайтын германиялық Паскаль Аккерман мен неміс­тердің BORA-hansgrohe ұжымының үздігі, нидерландтық Данни Ван Поппель олжа­лады. «Астаналықтар» арасынан ең тәуір көрсеткішке Самуэле Баттистелла қол жеткізді. Италиялық легионер мәре сызығын алтыншы болып қиып өтті.

Жалпы есепте жағдай өзгерген жоқ. Қазақ­стандық команданың серкесі Мигель Анхель Лопес бұрынғысынша алтыншы сатыда тұр.

Бөлісу:
Эвенепул есе жіберетін емес · Egemen Qazaqstan