Аймақтар
1 мин оқу 270

Алматы облысы тасжолында ер адамды көлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының тасжолында жаяу жүргінші көлік астына түсті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жол-көлік оқиғасы 7 қыркүйек түнде Алматы-Бішкек тасжолының 32 шақырымында Әйтей кентіне қарама-қарсы жерде болған. Nissan Cefiro автомобилі Алматы облысына қарай батыс бағытта сол жақ шеткі жолақпен жүріп келе жатқан. Кенеттен, бұталардың арасынан жолға ер адам шығып, көлік астына түскен.

.

Жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмған. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан қайтыс болған адамның құжаттарын таппады. Қазіргі уақытта оның жеке басы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

,

Бөлісу:
Алматы облысы тасжолында ер адамды көлік қағып кетті · Egemen Qazaqstan