Әлем
1 мин оқу 610
III Карл Ұлыбританияның жаңа королі болды
<p style="text-align: justify;">III Карл Ұлыбританияның жаңа королі болды деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> BBC-ге сілтеме жасап.</p>
«Патшайым ІІ Елизавета қайтыс болған соң, тәж бірден оның мұрагері Уэльстің бұрынғы ханзадасына берілді.
Ал ханзада Уильям тақ мұрагері болғанымен, ол автоматты түрде Уэльс ханзадасы бола алмайды. Ол әкесінің Корнуолл герцогы атағын иемденді. Уильямның әйелі Кэтрин енді Корнуолл герцогинясы ретінде белгілі болады», деп жазылған хабарламада.
Карл 56 тәуелсіз елдің Ұлттар достастығына басшылық еткен.
Еске салайық, бір күн бұрын, 8 қыркүйекте Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 96 жасында дүние салып еді.
Бөлісу: