Әлем
1 мин оқу 330

Анталья жағалауында 21 заңсыз мигрант құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Түркияның жағалау күзеті Анталья провинциясының Қас аймағында 21 заңсыз мигрантты құтқарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қозғалтқышы істен шыққан кемеден «SOS» апат сигналын алғаннан кейін Жағалау күзетіне тиесілі қайықтар Патара жағалауына жөнелтілді.

Су көлігінде 17 Сирия азаматы, 3 Палестина азаматы және бір Йемен азаматы болған. Мигранттар Грекияның Родос аралына заңсыз өтпек болған.

Тиісті рәсімдер аяқталған соң заңсыз мигранттар аймақтық көші-қон департаментіне жеткізілген.

Бөлісу:
Анталья жағалауында 21 заңсыз мигрант құтқарылды · Egemen Qazaqstan