Үшемнің қуанышы
<p style="text-align: justify;">Атырау облысында жыл басынан бергі сегіз айда 11 333 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 114 егіз бар. Былтырғы осы ке­зеңде 109 егіз жарық дү­ние есігін ашқан. Ал үшем­нің өмірге келуі биыл ал­ғаш рет тіркеліп отыр.</p>

Үшемнің анасы – Аянгүл Сәбитова. Оның отбасындағы бір баланың қатары үшеммен толықты. Бір құрсақта жетілген үш ұлдың екеуінің салмағы – 1 кило 800 грамм, үшіншісі – 2 кило 200 грамм.
– Қазір жас ананың да, нәрестелердің де жағдайы жақсара бастады. Үшем анасының қасына жеткізілді. Жас анаға нәрестелерді күтіп-бағуға, ем-дом жасауға арнайы медбикелер көмектеседі. Сәбилер перзентхана дәрігерлерінің бақылауына алынып отыр. Әзірге үйге қашан шығатыны белгісіз, – дейді перинаталды орталық бөлімшесінің меңгерушісі Түрлен Бегеева.
Жас анаға жүктіліктің 34-аптасында кесарь тілігі арқылы операция жасалған. Шұғыл операцияға орталық директорының орынбасары, акушер-гинеколог Асқар Кенжеғалиев жетекшілік еткен.
Атырау облысы
