Қазақстан
1 мин оқу 502

Халық саны туралы жаңа деректер жарияланды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросының департаменті 2021 жылғы халық санағының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы облыста 540 786 адам тұрған. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 55,8 мыңға, яғни 9,3%-ға азайған. Бұл ретте қала халқы 238,8 мыңнан 259,5 мың адамға дейін өсті және санақ қорытындысы бойынша жалпы санның 48 пайызын құрады. Осы жылдары ауыл халқының үлесі тиісінше 60%-дан 52%-ға дейін төмендеді.

«Солтүстік Қазақстан облысындағы әйелдер бұрынғыдай ерлерге қарағанда көбірек. Санақ қорытындысы бойынша – 18,9 мың. Ерлердің үлесі – 48,3%, әйелдер – 51,7%. Яғни, облыста 100 әйелге 93 ер адамнан келеді», деді басқармадағылар.

Биылғы жылдың мәліметі бойынша облыс тұрғындарының саны 1 шілдеде 534 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық – 252,1 мың және ауылдық – 281,9 мың адам.

Бөлісу:
Халық саны туралы жаңа деректер жарияланды · Egemen Qazaqstan