Қаржы
1 мин оқу 306

Мемлекеттік бюджетке 10 трлн 85 млрд теңге кіріс түсті

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Үкімет отырысында&nbsp;республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Премьер-Министрдің орынбасары &ndash; қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;primeminister.kz-ке сілтеме жасап.</p>

«Мәселен, мемлекеттік бюджетке 10 трлн 85 млрд теңге кіріс түсті (жоспар 104,9%-ға орындалды), бұл ретте республикалық бюджет 6,8 трлн теңгеге (101,9%), ал жергілікті бюджеттер 3,3 трлн теңгеге (111,6%) толықтырылды. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,4%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 99,5%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 97,6%-ға орындалды», деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 675 нысанды сату көзделген. Көрсетілген кезеңде 57 млрд теңге сомасына 240 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.

Бөлісу:
Мемлекеттік бюджетке 10 трлн 85 млрд теңге кіріс түсті · Egemen Qazaqstan