Президент
1 мин оқу 7,044

Сын-қатерлерді елемей отыра алмаймыз - Президент

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев&nbsp;Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде әлемдегі энергетикалық дағдарыс көміртегі бейтараптылығының жетістіктерін төмендеткенін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Біз әлемнің ең дамымаған аймақтарында азық-түліктің жетіспеуіне тап болдық. Сонымен қатар, әлемде геосаяси текетірес күшейіп, елдер арасындағы қақтығыстар шиеленісіп келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы халықаралық қауіпсіздіктің алдыңғы жүйелері біздің көз алдымызда күйреп бара жатқанын атап өтті.

«Бүгінде экстремизм мен терроризм - әлемдегі күрделі проблема болып қала береді. Энергетикалық дағдарыс көміртегі бейтараптылығының жетістіктерін төмендетеді. Біз бұл сын-қатерлерді елемей отыра алмаймыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Сын-қатерлерді елемей отыра алмаймыз - Президент · Egemen Qazaqstan