Спорт
1 мин оқу 180

«Барыс» жеңіске жетті

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) бас&shy;талғалы бері сырт алаңда төрт кез&shy;десу өткізіп, төртеуінде де жеңіліс тапқан &laquo;Барыс&raquo; алғаш рет өз мұз айдынында өнер көрсетті.</p>

«Барыс» жеңіске жетті

Челябі «Тракторының» да жарыс кесте­сіндегі жағдайы аса мәз емес еді. Өз жан­күйерлерінің көз алдында қалайда ұпай алуды көздеген Андрей Скабелканың шәкірт­тері бұл жолы мұзайдында барын салды. Бірінші кезеңнің 6-минутында Линден Вей алғашқы голды салса, 15-минутта Кирилл Савицкий нысананы дәл көздеді. Екі ретінде де олар Никита Михайлистен әдемі пас алды. Үзіліске дейін қонақтар есеп айыр­машылығын қысқартып үлгерді. Бұл голдың авторы – Теему Пулккинен. Одан кейін екі команданың ойыншылары ұзақ уақыт бойы дамылсыз шабуылдағанымен, таблодағы есеп өзгерген жоқ. Тек бәсекенің аяқталуына бір минуттай ғана уақыт қал­ғанда тағы да сол Вей мергендік танытып, матчтың соңғы нүктесін қойды. Есеп – 3:1.

Келесі екі кездесуін «Барыс» 15 және 16 қыркүйекте Омбының «Авангардымен» өткізеді. Ал 18 және 20 қыркүйекте Ново­сибирскінің «Сибирь» клубымен күш сынасады. Аталған ойындардың барлығы да Нұр-Сұлтанда өтеді.

Бөлісу:
«Барыс» жеңіске жетті · Egemen Qazaqstan