«Еңбек» футбол клубы қайта құрылуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">1967 жылы құрылып, 1997 жылы таратылған «Еңбек» футбол клубы Ұлытау облысында<strong> </strong>қайта құрылуы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> әкімдік таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.</p>
Аймақ басшысының орынбасары Ғ.Құсманғали Қазақстан футбол федерациясының президенті А. Барменқұловпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі футболды дамыту перспективалары талқыланған.
«Атап айтқанда, тараптар балалар футболын дамытудың, кадрлар даярлаудың, инфрақұрылым құрудың, сондай-ақ «Еңбек» клубын жандандырудың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша облыста футболды дамытудың бірлескен бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды», деп жазылған хабарламада.
