Елорда
1 мин оқу 1,510

Парламент елорданың бұрынғы атауын қайтаруды мақұлдады

<p style="text-align: justify;">16 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған шешім бойынша Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауы қайтарылатын болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елорданы қайта атау туралы бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды.

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ұсынысына Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттар бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері елордаға бұрынғы атауын қайтаруды ұсынған еді.

Бөлісу:
Парламент елорданың бұрынғы атауын қайтаруды мақұлдады · Egemen Qazaqstan