Әлем
1 мин оқу 292

Италияның шығыс бөлігінде су тасқыны болды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Италияның шығысында болған қатты нөсер су тасқынына ұласты. Бір-екі сағат ішінде шамамен 400 миллиметр жауын-шашын түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Хабар 24» ақпаратына сәйкес, қалалардың көшелері, үйлері мен жолдары су астында қалды, ал кейбір елді мекендер жарықсыз қалды.

Апаттан 8 адам көз жұмды. Тағы 4 адам хабар-ошарсыз кеткен деп саналады, олардың арасында үш жасар баласы бар әйел бар.

Құтқару жұмыстарына 180-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өңірде іздеу жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Италияның шығыс бөлігінде су тасқыны болды · Egemen Qazaqstan