Ауа райы
1 мин оқу 390

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазгидромет мамандары 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Семейде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Өскеменде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Бөлісу:
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы · Egemen Qazaqstan