Бүгін - Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні
<p style="text-align: justify;">Бүгін, 19 қыркүйек Қырғыз Республикасында Президент Садыр Жапаровтың Жарлығымен қаралы күн болып жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Халықаралық Түркі академиясына сілтеме жасап.</p>
Жарлыққа сәйкес, ұлттық аза тұту күні елдің барлық аумағында, сонымен қатар шет елдердегі дипломатиялық және консульдық мекемелерде Қырғыз Республикасының Мемлекеттік туы төмен түсіріледі. Бұдан бөлек, мәдени ұйымдар мен телеарналардағы ойын-сауық бағдарламалар уақытша тоқтатылады.
Айта кету керек, 14-17 қыркүйек аралығында Баткен облысы аумағындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік телімінде болған қарулы қақтығыс салдарынан Қырғыз Республикасы тарапынан 59 адам қаза тауып, 144 азамат жарақат алған.
Қазіргі кезде шекарадағы әскери қақтығыстар тоқтатылған.
