Ауа райы
1 мин оқу 310

Еліміздің бірқатар өңірінде 3 градус үсік жүреді

<p style="text-align: justify;">Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің оңтүстігінде, шығысында, батысында жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста тұман күтіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай ауданының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі жалғасады.

Түнде Ақмола облысының шығысында, солтүстікте, Қарағанды ​​облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік жүреді.

Түнде Ұлытаудың солтүстігінде, Павлодар облыстарының басым бөлігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Елордада жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы.

Шымкентте солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде 3 градус үсік жүреді · Egemen Qazaqstan