СҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
9 қыркүйек күні түсті уақытта «Жезқазған – Петропавл» республикалық тас жолының 785 шақырымында Шал Ақын ауданы Сергеевка қаласына жақын жерде Audi C4 көлігі мен ауданның 24 жастағы тұрғыны басқарған Shacman жүк көлігі соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi жүргізушісі мен жолаушысы, Тимирязев ауданының 54 және 40 жастағы тұрғындары жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.
