Кино
1 мин оқу 323

«Мұқағали» арнайы сыйлық алды

<p style="text-align: justify;">Белгілі қазақстандық ре&shy;жис&shy;сер Болат Қалым&shy;бе&shy;&shy;товтың &laquo;Мұқағали&raquo; фильмі XVIII Қазан ха&shy;лық&shy;&shy;&shy;аралық мұсылман ки&shy;но&shy;&shy;фестивалінің негізгі бай&shy;қау бағдарламасында қа&shy;зылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.</p>

«Мұқағали» арнайы сыйлық алды

Негізгі байқау бағдарламасына 10 картина, Түркия, Қазақстан, Үндістан, Иран, Бангладеш, Ресей, Египет, Шри-Ланка фильмдері, сондай-ақ копродукцияда түсі­рілген екі таспа ұсынылды. Биыл әлемнің 44 елінен барлығы 625 өтінім тіркелді.

Мәдениет және спорт ми­нис­тр­лігінің тапсырысы бойын­ша Шәкен Айманов атындағы «Қа­зақфильм» киностудиясы түсір­ген кинотаспа аты аңызға айналған қазақ ақыны Мұқағали Мақа­таевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.

Естеріңізге сала кетейік, фильм­­нің әлемдік премьерасы «Қа­­раң­ғы түндер» (PÖFF) 25-ші Тал­­лин кинофестивалінің  аясында өтті, онда қазақстандық фильм экуме­никалық қазылар алқасының сыйлығын алды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында биографиялық картина Кера­ладағы (Үндістан) 26-шы Халық­аралық кинофестивальдің «Әлем­дік кино» секциясында ұсынылды.

Тамыз айының басында фильм Қырғызстанда «Қазақстандық кино күндерін» ашты. 15-20 қыркүйек ара­лығында фильм Гатчиндегі 28-ші Халықаралық «Әдебиет және кино» кинофестиваліне қатысады. (Ресей).

Бөлісу:
«Мұқағали» арнайы сыйлық алды · Egemen Qazaqstan