Пікір
3 мин оқу 280

Әділ билікке апаратын жол

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының &laquo;Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам&raquo; Жолдауында ұсынған сайлау циклінің кестесін өзгерту бастамасын еліміздің саяси өмірінің жаңа сапасына көшуінің жарқын кезеңі деп санауға болады.</p>

Әділ билікке апаратын жол

Алдағы жылы парламенттік сай­лауда нақты саяси бәсекелестікті «мық­ты Президент – беделді Парла­мент – есеп беретін Үкімет» қуатты билік үштігін қалыптастырып, би­лікке лайықты адамдарды таңдаудың меритократиялық қағи­датын жүзеге асырады. Бұған дейін қоғам тарапынан жекелеген сая­си құзыреттіліктің әлсіздігі мен олиго­полиялығы, Үкі­мет­тің әлеуметтік да­мудың өзекті мәсе­лелерін шеше алмауы туралы шағым көп айтылып келді. Енді Президент бұл мәселені құзы­реттер, идеялар, жобалардың прак­ти­калық бәсекелестік алаңына шығаруды ұсынып отыр.

Шындап келгенде, қайта сайлану құқығынсыз бір реттік 7 жылдық мер­зімді енгізу – Қазақстанды демо­кра­тия­ландыру қадамдарының бірі және либералдық саяси реформаларды жал­ғастыру деген сөз.

Бастаманың мақсаты – билікті монополияландырудың кез келген мүмкіндігін түп тамырымен жою және биліктің әділ теңгерімін орна­ту. Бұған дейін Президенттің пар­тия жұмысына қатысуына, сондай-ақ жа­қын туыс­тары­ның саяси лауазымдарға орналасуына тыйым салынған болатын. Осылайша бұл бастама авторитаризмге және биліктің бір адамның қолында шо­ғыр­лануына тағы бір кедергі келтіреді.

Бір реттік 7 жылдық мерзім Прези­дент­тің сайлауалды бағдарламасы мен экономикалық іс-қимыл жос­парын жүзеге асыруға толығымен бағыт­талады. Сондай-ақ келесі мерзім туралы ойлау, түрлі популистік шара­лар қабылдау сияқты түрлі мәселеге алаңдамайды. Нәтижесінде, Прези­дент­тің жауапкершілігі айтарлықтай артады.

Қазіргі таңда Қазақстан түбегейлі сая­си және әлеуметтік-экономикалық жаң­­ғырту кезеңінде тұр. Осы тұрғыдан алып қарағанда Парламент бекіткен бір рет­­тік 7 жылдық президенттік өкілет­­­тікті әлеуметтік-экономикалық мәсе­ле­-
лерді шешуге бағытталған қажет­ті сая­си реформалардың бір бөлігі ретін­де қа­растырған жөн.

Біріншіден, қайта сайлану құ­қы­ғынсыз бір реттік өкілеттік мерзі­мі­нің енгі­зілуі жаңа саяси модель мен пре­­зи­дент­тердің тұрақты ауысуын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, президенттік өкілет­тік­ті 7 жылға дейін ұзарту саяси тұрақты­лықты нығайтады. Әлемдік тәжіри­бе көрсетіп отырғандай, шетелдік инвес­торлар назар аударатын маңызды факторлардың бірі – саяси тұрақтылық. Тұ­рақты саяси және экономикалық жағ­дай кезінде инвесторлар өз инвес­ти­цияларына, кірістілігіне және өте­луіне сенімді болады. Инвестициялар ағы­ны­ның ұлғаюы – елдің экономикалық дамуы үшін қаржылық ресурстардың маңызды көзі.

Мәселен, бір президенттік мерзім Израиль, Армения, Мексика, Оңтүстік Корея сияқты әлемнің көптеген елде­­рінде қолданылады. Қазіргі уақытта Фра­н­цияда осы артықшылықтарға байла­нысты бір реттік 7 жылдық прези­денттік мерзімді енгізу мүмкіндігі бел­сенді талқылануда. Францияда жеті жылдық президенттік мерзім 1873 жылы биліктің ықтимал монополиялануын тежеу үшін уақытша шара ретінде қол­данылған. Осылайша өкілеттік мерзімін және қайта сайланудың еселігін өзгерту тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінде айтарлықтай ықпалды құрал деуге болады.

Сонымен қатар Конституциялық сот судьяларының өкілеттік мерзімі қай­та тағайындау мүмкіндігін қоспа­ғанда 6 жылдан 8 жылға дейін ұлғай­ты­лды. Бұл судьялардың тәуелсіз және объективті болуы үшін жаса­лған қадам. Бұл –Конституциялық сот судья­ла­ры­ның өкілеттік мерзімі оларды таға­йын­дайтын адамдардың өкілеттік мерзі­мінен асып кететін халықаралық тәжірибе.

 

Әлішер ТАСТЕНОВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы

Бөлісу:
Әділ билікке апаратын жол · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар