Әдебиет
1 мин оқу 480

Тұлға жөнінде қос томдық

<p style="text-align: justify;">Өмірін ұлт тағдырының өсіп-өркендеуіне байлаған тұлғаның айтқан сөзі, жүрген жолы, істеген ісі жастарға қашанда үлгі-өнеге. Сондай өнегелі жанның бірі Асанбай Асқаровтың есімін ел асқан сүйіспеншілікпен еске алатыны туралы әңгіме көп. &laquo;Басшы болсаң Асекеңдей бол!&raquo; деп отыратын көрінеді тамам түстіктің жұрты. Сол кісінің өмірі мен қызметі туралы Орталық мемлекеттік архив әзірлеген &laquo;Асанбай Асқаров&raquo; атты екі томдық кітап шықты жақында.</p>

Тұлға жөнінде қос томдық

Жиырма алты жыл бойы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы өңірлерін абыроймен басқарған Асанбай Асқаров туралы, оның өнегелі істері хақындағы материалдар­дың бәрі осында. Тек қана мақа­лалар мен әртүрлі жазбалар ғана емес, архивтік құжаттар да қамтылыпты. Саналы ғұмырын ел игілігі жолына сарп еткен қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев сынды заңғар тұлғаның сенімді серігі болғанының өзі бі­раз жай­дан хабар береді. Қай жерде қандай қызмет атқар­са да «ұлтқа, қазаққа жана­шырлық керек» деген сөзді мұрат тұтқан тұлғаның қайраткерлік жолы жастарға осындай еңбектер арқылы тарайтыны сөзсіз. «Біреуден біреу алып елге тарар» деп хакім Абай текке айтпаған. «Красногор ауданының бірін­ші хатшысы кезінде ауыл бас­шысы Өмірзақовқа айтып Кенен Әзірбаевқа жаңа үй салғызып бергені де ел есінде. Ал Жамбыл облысын басқарған кезінде Қара­тау, Жаңатас кен орындары ашыл­ды. Тіпті бү­гінде облыс­тың атын иемденген жыр алыбы Жамбылдың ең­селі ескерткішін де осы Ас­қа­ров орнатқан болатын», де­лінген кітаптағы бір мәлі­метте. Алматыда, тағы басқа жерлердегі игіліктер салуға қалай қол жеткізгенін білу үшін қос томдықты парақтауға тура келеді.

Бөлісу:
Тұлға жөнінде қос томдық · Egemen Qazaqstan