Қазақстан
1 мин оқу 3,871

Төтенше жағдайлар министрі отставкаға кетуге дайын

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстанда жиілеп кеткен өртке байланысты отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Юрий Ильин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев немесе Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті шешім қабылдаса, қызметтен кетуге дайын екенін айтты.

«Мұндай шешімді Президент пен Үкімет қабылдайды. Егер олар менің құзіреттілігім жеткіліксіз деп санаса, мен отставкаға кетемін», деді министр.

Сондай-ақ ол журналистерге Атырау облысында өрт жағдайы нашарлап бара жатқанын айтты.

«Температураның жоғарылауына байланысты өрт қаупі әлі де сақталады. Сондықтан мамандар өңірді тікұшақтан бақылап отыр», деп атап өтті министр.

Бөлісу:
Төтенше жағдайлар министрі отставкаға кетуге дайын · Egemen Qazaqstan