Қоғам
2 мин оқу 200

Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректеріне әсер етпейді

<p style="text-align: justify;">Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгертпейді. Тиісінше, қайта тіркеуден өту қажет емес. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.</p>

Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректеріне әсер етпейді

Осылайша, елорданың Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту салық тө­леу­­шілердің: жеке кәсіп­кер­лердің, жеке практикамен айналысатын жеке тұлға­лардың және резидент емес заңды тұлғалардың тір­кеу құжаттарын өзгертуге әкеп соқпайды. Елорданың бұ­рынғы атауы бар құжаттар да жарамды болады және мемлекеттік қызметті алу ке­зінде қолданылады.

Салықтарды және бюд­­жетке төленетін төлем­дер­ді есепке алу үшін банк рек­визиттері (БСН, мемлекеттік кірістер органдарының кодтары, ИИК, Қазынашылық комитетінің БИК, БСК, КНП) елорда атауының өзгеруі­не байланысты өзгеріссіз, бұ­рын­ғыдай қалады.

Тек мемлекеттік кірістер органдарының атаулары ғана өзгереді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер де­пар­таменті Астана қаласы бо­йынша Мемлекеттік кіріс­тер департаменті болып өз­гереді, сәйкесінше Нұр-Сұлтан қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл, Бай­қоңыр аудандары, Астана-жаңа қала бойынша Мемлекеттік кірістер бас­қармаларының атауы Астана қаласының Алматы, Сары­арқа, Есіл, Байқоңыр аудандары, Астана-жаңа қала бойынша Мемлекеттік кіріс­тер басқармалары болып өзгереді. Бұл ретте МКД және МКБ атауларын өзгерту са­лық­тарды және бюджет­ке төленетін басқа да мін­детті төлемдерді төлеу тәр­тібіне әсер етпейді. Төлем құжат­тарындағы реквизиттерді толтыру кезінде МКД және МКБ атауын қолдап терудің қажеті жоқ.

Банктердің мобильді қо­сымшалары арқылы салық­ты төлеу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының тізі­мінен тиісті Мемлекеттік кірістер басқармасын таңдау қажет. МКД және МКБ қайта тіркеуден өткенге дейін азаматтар төлем жасау кезінде тізімнен олардың ескі атауын таңдай алады.

Салықтар мен бюджет­ке міндетті төлемдерді тө­леу бойынша ағымдағы шот­тар­дың реквизиттері Қазақстан Республикасы Қаржы минис­трлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында орналасқан.

Бөлісу:
Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректеріне әсер етпейді · Egemen Qazaqstan