Аймақтар
1 мин оқу 282

Шымкенттегі жатақханада студент қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласындағы жатақханалардың бірінде колледждің бірінші курс студенті қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/ru/student-skonchalsya-v-obshhezhitii-v-shymkente/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz </a>сайтына сілтеме жасап.</p>

22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне колледждердің бірінің жатақханасынан 1 курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігіттің кеудесіне, ал екіншісі иығына соққы тигізген. Студент жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін көз жұмған.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби АІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Шымкенттегі жатақханада студент қайтыс болды · Egemen Qazaqstan