Спорт
1 мин оқу 260

Мария Федотова Азия чемпионатында жүлделі болды

<p style="text-align: justify;">22 қыркүйекте жүзуден Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Федотова Самарқандта өткен 10-шы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыстың бірінші күні қазақстандық спортшы Азияның үздік жүзушілерімен бәсекеге түсіп, 5 шақырым қашықтықта үшінші орынға ие болды.

Алтын медаль жапондық Юкима Мориямаға бұйырды. Ал екінші орынды Гонконг өкілі Ин Нип иеленді.

Басқа қазақстандық спортшылар Диана Тасжанова мен Ирина Архипова тиісінше бесінші және жетінші орындарды иеленді.

Бөлісу:
Мария Федотова Азия чемпионатында жүлделі болды · Egemen Qazaqstan