Ауа райы
1 мин оқу 173

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупі сақталуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мамандардың мәліметінше, 23 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының шығыс жартысында, сондай-ақ Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

«Күннің бірінші жартысында Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің орталығында 20 м/с жетеді», делінген хабарламада.

Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел Облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

23-24 қыркүйекте Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды · Egemen Qazaqstan