Ауа райы
1 мин оқу 171

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның батыс облыстарына, одан кейін шығысқа қарай жылжып, еліміздің қалған бөлігіне әсер етіп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

«25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Келесі аптаның басында Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбырдың қарға ауысуы). Қазақстанның оңтүстік-шығысында тек таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда ғана найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады», делінген синоптиктердің хабарламасында.

Республиканың батысында күндіз 22-33 градус, ал түнде 9-22 градус жылы. Солтүстік-батыста 25-32 жылыдан 10-23 градусқа дейін жылы, солтүстікте 23-30 жылыдан 5-20 градусқа дейін жылы болады. Қызылорда облысында 30-35-тен 17-25-ке дейін ыстық ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік-шығысында және шеткі оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градус ыстық шамасында сақталады.

Бөлісу:
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады · Egemen Qazaqstan